Мәдениет
Абай мінген көлік

Абайдың сапардағы сенімді көлігі – тарантас еді. Бұл арба ағаш пен темірден жасалып, орындығы былғарымен қапталған. Ұзақ жолға төзімді арба Абайдың Семейге және өзге өңірлерге қатынауына мүмкіндік берген.
Тарантас – жай көлік емес. Ол – уақыт пен тұлғаны байланыстырып тұрған тарихи белгі. Абай өмірін, оның ізденіс жолын бейнелейтін ерекше жәдігер. Негізен мұндай арбалармен зиялы қауым, байлар мен шенеуніктер жүрген. Себебі олар басқа арбаларға қарағанда жайлы әрі сәнді.
Тарихи көліктің түпнұсқасын немесе Мүрде салынған чемодан сияқты құнды жәдігерлерді Абай музейіне барып көре аласыз. Мекенжайы: Қайым Мұхамедханов көшесі 29.




