Басты жаңалық

Шұңқырларды енді дрон табады

Қазақстанда жол сапасын бақылау тәсілі жаңаруы мүмкін. Елімізде автожолдардың жай-күйін тексеруге арналған жаңа буын ұшқышсыз аппарат сынақтан өтті. Сынақ барысында DJI Matrice 400 дроны қолданылды. Ол лазерлік лидар жүйесі арқылы жол жабындысын жоғары дәлдікпен сканерлей алады.

Технология Ақмола – Воздвиженка – Талапкер бағытындағы облыстық маңызы бар жол учаскесінде көрсетілді. Жүйе жолдағы жарықтар, шұңқырлар және басқа да ақауларды автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.

Көлік министрлігінің мәліметінше, деректерді жинау процесі толықтай автоматтандырылған. Бұл әдіс жол сапасын бағалауды жеделдетіп, адам факторын азайтуға бағытталған.

Қазіргі уақытта аталған технологияны еліміздегі автожолдарды кешенді диагностикалауда пайдалану мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Егер жоба қолдау тапса, жолдарды бақылау жүйесі жаңа деңгейге шығуы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button