Абай облысы Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосуда

Ресей Федерациясының Омбы қаласында Қазақстан мен Ресейдің ХХІІ Өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Екі ел арасындағы өңіраралық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналған дəстүрлі форум биыл «Жаһандық логистикалық экожүйені қалыптастыру: Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының жаңа көкжиектері» тақырыбында ұйымдастырылды.
Форумның пленарлық отырысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пенРесей Федерациясының Президенті Владимир Путин төрағалық етті. Жиынға Абай облысының əкімі Берік Уəли қатысып, өңірдің əлеуметтік-экономикалық əлеуеті мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жұмысына қатысты кездесу аясындағы ісшараларға қатысты. Форум жұмысына екі елдің орталық мемлекеттік органдарының басшылары, өңір əкімдері мен губернаторлары, іскерлік қауымдастық өкілдері, көліклогистика саласының мамандары, халықаралық ұйымдардың жəне сарапшылық қауымдастықтың өкілдері қатысты. Кездесу барысында халықаралық көлік дəліздерін дамыту, логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру, цифрлық технологияларды енгізу, саудаэкономикалық байланысты кеңейту жəне бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мəселелері кеңінен талқыланды. Ресей Федерациясы бүгінгі таңда Абай облысының негізгі сыртқы сауда серіктестерінің бірі болып саналады. Өңірлер арасындағы байланыстардың тұрақты дамуы өзара сауда көлемінің артуына оң əсерін тигізуде.
Биылғы жылдың қаңтар–мамыр айларының қорытындысы бойынша Ресейдің облыстың сыртқы сауда айналымындағы үлесі 25,4 пайызды құрады. Осы кезеңдегі өзара сауда көлемі 428,8 миллион АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сəйкес кезеңімен салыстырғанда 180 пайызға артты. Сауда-экономикалық ынтымақтастық аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу, өңдеу өнеркəсібі, құрылыс материалдарын өндіру, көлік жəне логистика саласындағы өзара іс-қимыл қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар инвестиция тарту, экспорттық əлеуетті арттыру жəне жаңа бірлескен өндірістерді іске қосу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Соңғы жылдары Абай облысы мен Ресейдің Омбы облысы арасындағы байланыстар жаңа деңгейге көтерілді. Тараптар мəдениет, білім, туризм, экономика жəне гуманитарлық бағыттарда өзара ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып келеді. Өңір басшыларының тұрақты кездесулері мен делегациялар алмасуы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға тың серпін беруде. Өткен жылы Абай облысының делегациясы Омбы қаласында өткен «Ертіс – достық өзені, даму өзені»халықаралық форумына қатысты. Форум аясында Абай облысының əкімі Берік Уəли мен Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко мəдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Құжат екі өңір арасындағы мəдени байланыстарды нығайтуға, шығармашылық ұжымдардың өзара гастрольдерін ұйымдастыруға, бірлескен мəдени жобаларды іске асыруға жəне мəдени мұраны насихаттауға бағытталған. Сондай-ақ өткен жылы Омбы облысының делегациясы ресми сапармен Абай облысына келді. Делегацияны Омбы облысы Үкіметі Төрағасының орынбасары Андрей Шпиленко бастап келді. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, өнеркəсіптік кооперацияны дамыту, көлік инфрақұрылымын жетілдіру, туризмді дамыту, білім беру жəне қоршаған ортаны қорғау салаларындағы ынтымақтастық мəселелерін талқылады.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша Ертіс өзенін дамыту жəне бірлесіп пайдалану жөніндегі хаттамаға, сондай-ақ Абай облысының əкімдігі мен Омбы облысының Үкіметі арасындағы 2025–2028 жылдарға арналған халықаралық жəне сыртқы экономикалық байланыстар жоспарына қол қойылды. Құжатта екі өңір арасындағы ынтымақтастықтың 30 бағыты қамтылған.
Аталған жоспар аясында туризмді дамыту, ортақ туристік маршруттарды қалыптастыру, экологиялық жобаларды іске асыру, мəдени жəне білім беру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, кəсіпкерлікті қолдау, көліклогистика инфрақұрылымын жетілдіру жəне инвестициялық жобаларды жүзеге асыру көзделген. Сонымен қатар мемлекеттік басқару, цифрландыру жəне заманауи технологияларды енгізу салаларында тəжірибе алмасу жұмыстары жалғасады. Қазақстан мен Ресейдің ХХІІ Өңіраралық ынтымақтастық форумына Абай облысы делегациясының қатысуы өңірдің халықаралық байланыстарын нығайтуға, жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді тартуға жəне екіжақты əріптестікті одан əрі кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болды. Форум барысында қол жеткізілген келісімдер алдағы уақытта өңір экономикасының дамуына, өзара сауда көлемінің артуына жəне жаңа бірлескен жобалардың іске асуына негіз болады.



