Басты жаңалық

«Jastar upgrade»: жастар саясаты мамандарының біліктілігін арттыру семинары

Абай облысында жастар саясаты саласындағы қызметкерлерге арналған «JASTAR upgrade» семинар-тренингінің бірінші күні өтті. Шараға өңірдің барлық аудан-қалаларынан жастар ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдарының мамандары қатысты.

Семинардың ашылуында модератор «Интеллектуалды жастар қауымдастығы» қорының атқарушы директоры Қуаныш Панарбекұлы Молдақашев қатысушыларды қарсы алып, бағдарлама мақсаты туралы ақпарат берді. Жастармен жұмыс істейтін мамандардың кәсіби дамуының маңызы шара барысында ерекше атап өтілді.

Күн барысында Айдын Қайырбекұлы жастар саясаты саласындағы стратегиялық жоспарлау мен аналитикалық тәсілдер жөнінде баяндама жасады. Бұдан кейін Қуаныш Панарбекұлы «Абай жастары» жобасын іске асыру тәжірибесін таныстырды. Түстен кейін кәсіби тренер Гүлайра Октябрьқызы Берекполова жобалық басқару мен серіктестік мәселелерін көтерді. Соңғы сессияда Бекарыстан Нұрланұлы Аманжолов жастар ұйымдарында команда қалыптастыру және жастармен тиімді жұмыс тәсілдері туралы баяндады.

Бірінші күн мамандарға тәжірибе алмасуға, жаңа әдістерді меңгеруге және кәсіби байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button