Басты жаңалықМәдениет
Абайдың ізі қалған шаңырақ
Абай Құнанбайұлы қалаға келген сайын аялдап, шығармашылықпен айналысқан тарихқа толы нысан бар. Онда ақынның өзі кітап оқып, өлең жазып, ой толғайтын жеке бөлмесі болған. Бұл — Семейдегі Әнияр Молдабаевтың үйі.
Қазір бөлменің көрінісі музей экспозициясында қалпына келтірілген. Мұнда Сапарғали Әниярұлы музейге тапсырған, кезінде Абайдың өзі пайдаланған түпнұсқа жиһаздар мен тұрмыстық бұйымдар сақталған.
Абайдың ізі қалған жәдігерлерді өз көзіңізбен көргіңіз келсе — Семейдегі Абай музейіне барып қайтыңыз.




