Басты жаңалық
Су добынан – күміс, көркем гимнастикадан – қола: Қазақстан қоржыны тағы толықты

🥈 Су добынан күміс!
Қазақстанның ерлер құрамасы Азия ойындарының финалына дейін жетіп, шешуші кездесуде Жапониямен ойнады. Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша алаң иелері 24:7 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық ватерполшылар күміс медаль иеленді.
🥉 Көркем гимнастикадан қола!
Қазақстан құрамасы топтық көпсайыста 51,550 ұпай жинап, үшінші орын алды. Команда сапында Жасмин Жунусбаева, Аида Хакимжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нурмагамбетова және Кристина Чепульская өнер көрсетті.



