
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында:
«Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», – деп жазылған.
Бұл нені білдіреді?
Бұл бап мемлекеттің басты байлығы – жер қойнауындағы ресурс немесе экономикалық көрсеткіш емес, адам екенін білдіреді.
- Демократиялық мемлекет – халықтың мемлекеттік басқаруға қатысуына мүмкіндік беріледі.
- Зайырлы мемлекет – дін мемлекеттен бөлек.
- Құқықтық мемлекет – заң үстемдігі қамтамасыз етіліп, барлығы заң алдында тең болады.
- Әлеуметтік мемлекет – азаматтардың әл-ауқаты мен әлеуметтік қорғалуына жағдай жасалады.
Абай облысының тұрғындары үшін маңызы қандай?
Бұл қағидаттар Семей мен өңір аудандарындағы әрбір тұрғынның құқығына қатысты. Сапалы медициналық көмек алу, білімге қол жеткізу, заңды мүддесін қорғау және әлеуметтік қолдау көру – адамға бағытталған мемлекеттің маңызды міндеттері.
📌 Конституцияның 1-бабы мемлекеттің басты мақсаты адам мен оның құқығын қорғау екенін айқындайды.



