Басты жаңалық
Тазалық бар жерде техника бар

Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Шарада облыс әкімі Берік Уәли 10 аудан мен 10 ауылға JINMA 904A маркалы 20 жаңа трактордың кілтін табыстады.
Байқауда ауылдардың тазалығы, абаттандыруы, көгалдандыруы, жол сапасы, қоғамдық орындардың жағдайы және тұрғындардың белсенділігі ескерілді.

Аймақ басшысы тазалық бір күндік сенбілік емес, күнделікті дағды екенін айтты. Жаңа техникалар ауылдарды көркейтуге қызмет ететінін атап өтті. Байқау келесі жылы да жалғасады.
Биыл өңірде 349 мыңнан астам адам сенбілікке қатысып, 52 мың тонна қоқыс шығарылды. 70 мыңнан аса көшет отырғызылды. 191 заңсыз қоқыс орны жойылды.



