Семейге жаңа Stadler пойызы қатынайды
Қазақстанда жаңа Stadler вагондарынан жасақталған пойыздарға билет сату басталды. 5 қарашадан бастап «Нұрлы жол – Алматы-2» және «Нұрлы жол – Семей» бағыттары бойынша жолаушылар билеттерді сатып ала алады.
Алғашқы пойыз Астанадан Алматыға 11 қарашада, ал Семей қаласына 13 қарашада жолға шығады.

Жаңа вагондар жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, ауа температурасын реттеу жүйесі, USB және USB-C қуаттау ұяшықтары, сондай-ақ бейнебақылау жүйесі орнатылған.

Бұдан бөлек, ерекше қажеттіліктері бар жолаушылардың сапарға шығуына да жағдай қарастырылған.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ бүгінге дейін 100-ден астам Stadler вагонын қабылдап алған. Олардың қатарында 40 купе және 56 плацкарт вагоны бар.
Жаңа пойыздардың Семей бағытына қатынай бастауы жолаушыларға заманауи әрі жайлы сапар ұсынуға бағытталған.



