Басты жаңалық

Әскерге шақырылған азаматтардың несие төлемдері кейінге шегеріледі

Screenshot

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтардың банк несиелері мен микрокредиттері бойынша төлемдер кейінге шегеріледі. Бұл жеңілдік әскери қызметтің барлық кезеңіне және ол аяқталғаннан кейінгі 60 күнге қолданылады.

Осы уақыт аралығында негізгі қарыз бен сыйақы төлемдері тоқтатылып, қосымша сыйақы есептелмейді. Төлемдерді кейінге шегеру автоматты түрде жүзеге асырылады, сондықтан банкке өтініш беріп, қосымша құжат ұсынудың қажеті жоқ.

Айта кетейік, бұл шара қарызды толық есептен шығару дегенді білдірмейді. Әскери қызмет аяқталып, жеңілдік кезеңі өткен соң несие төлемдері қайта жалғасады.

Ресми деректерге сәйкес, 2024 жылғы тамыздан 2026 жылғы 1 маусымға дейін 82,1 мың әскери қызметшінің жалпы сомасы 23,5 млрд теңге болатын несие төлемдері кейінге шегерілген.

Сонымен қатар, 2025 жылғы 31 тамыздан бастап мерзімді әскери қызметшілерге жаңа банк несиелері мен микрокредиттер беруге тыйым салынған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button