Басты жаңалық

Семейдің жаңа символына айналатын алаң салынбақ

Бейбітшілік аралында жаңа Мемлекеттік рәміздер алаңы бой көтереді. Жоба аясында аумақ абаттандырылып, тұрғындар серуендейтін жаңа қоғамдық кеңістік жасалмақ.

Құрылыс барысында биік стелла орнатылып, жаяу жүргіншілер жолы салынады. Сонымен қатар сквер ұйымдастырылып, аумақ көгалдандырылады. Жобаға шағын сәулет нысандарын орнату да енгізілген.

Нысанның құрылысы 2026 жылдың наурыз айында басталып, тамыз айында аяқталады деп жоспарланған. Жобаның бас мердігері – «Мирас Group» ЖШС.

Басқа жаңалықтар

Back to top button