Басты жаңалықСпорт
Елімай сапына жаңа футболшы қосылды

«Елімай» футбол клубы жаңа маусым алдында құрамын тәжірибелі шабуылшымен толықтырды. Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Айбар Жақсылықов ресми түрде команда сапына қосылды.
28 жастағы футболшы 2024–2025 жылғы маусымда «Қайсар» клубы жейдесінде 51 матч өткізіп, 15 гол соқты. Алаңдағы қайсарлығымен, шабуылдағы дәлдігімен және жоғары қарқынымен танылған ойыншының бойы – 184 см.
Айбар Жақсылықов мансабында бірнеше маңызды жетістікке жеткен:
«Тобол» құрамында:
- Қазақстан Суперкубогының иегері (2022)
- Премьер-лига қола жүлдегері (2022)
«Ордабасы» сапында:
- Қазақстан чемпионы (2023)
Клуб басшылығы мен жанкүйерлер Айбардың бұл жетістіктерін «Елімай» сапында да жалғастыратынына сенімді.



