Заң

Есірткіге қарсы соққы

Абай облысында жыл басынан бері есірткіге қатысты 209 құқықбұзушылық тіркелді. Оның ішінде 80 дерек есірткі сату, 9 жағдай контрабанда, 7 факті насихаттау, ал 3 жағдай аса ірі көлемде сақтау бойынша анықталған.

Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде заңсыз айналымға түспей тұрып 415 келіден астам есірткі тәркіленді. Сонымен қатар қылмыстық топтардың 6 тасымал арнасы жойылып, 28 адам ұсталды. Олардың арасында екі кәмелетке толмаған жасөспірім бар.

Қазіргі таңда 53 қылмыстық іс сотқа жолданып, бұл заңсыз есірткі айналымына қатысқандардың жауапкершіліктен құтылмайтынын көрсетеді.

Сонымен бірге цифрлық кеңістіктегі заңсыз әрекеттерге қарсы бақылау да күшейтілді. Нәтижесінде есірткі таратуға байланысты 1701 интернет-ресурс бұғатталып, заңсыз қаржы айналымына қатысы бар 1391 дроп-шот тоқтатылды. Осы арқылы 74 миллион теңге көлеміндегі қаражаттың заңсыз айналымына тосқауыл қойылды.

Ұлттық статистикаға сәйкес, есірткі қылмыстарының басым бөлігі бүгінде интернет арқылы жүзеге асырылады. Абай облысындағы көрсеткіштер бұл үрдістің өңірде көрсетіп отырған нақты көрінісі болып отыр.

Құқық қорғау органдары есірткі қылмысына қарсы күресті алдағы уақытта да жалғастырып, заңсыз айналымның алдын алу шараларын күшейте бермек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button