Абай облысында қоғамдық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Абай облысы Полиция департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Президент саясатын қолдау орталығының басшысы Серік Байғалиев пен облыстық Полиция департаментінің бастығы Эльдар Данияровтың жұмыс кездесуі өтті.
Жиында полиция қызметінің тиімділігін арттыру және қоғам сенімін нығайту бағытындағы өзара ынтымақтастықтың алдағы міндеттері талқыланды.
Кездесу барысында өңір тұрғындарын алаңдататын бірқатар өзекті мәселелерге назар аударылды. Атап айтқанда, жол қауіпсіздігіне әсер ететін қараусыз мал мәселесі, көліктерді заңсыз қайта жабдықтау, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі жалған аккаунттар мен арандатушылық әрекеттердің алдын алу бағыттары сөз болды.
Тараптар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде алдын алу шараларын күшейтіп, халықпен ашық әрі тұрақты диалог орнатудың маңызын атап өтті.
Кездесу қорытындысында тараптар құқық қорғау органдары мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.


