Заң
3783 жаяу жүргінші ереже бұзған

2025 жылы облыста 1134 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол ережесін бұзған 3783 жаяу жүргінші анықталды. Көбіне олар белгіленбеген жерден өтеді, бағдаршамға бағынбайды немесе жолда абайсыз әрекет жасайды.
Полиция әрбір жаяу жүргіншімен жеке сөйлесіп, жол ережелерін түсіндірді. Бұл құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.
Жаяу жүргіншілер өткелінде жол бермеген 4879 жүргізуші жауапқа тартылды. Кейбір заң бұзушылықтар дрон арқылы анықталды.
Сонымен қатар мектептерде, еңбек ұжымдарында және тұрғындар арасында жол қауіпсіздігі бойынша дәрістер мен акциялар өтуде. Мақсат — балалар мен ересектердің жолдағы мәдениетін арттыру.



