Заң

Мерекеде жол апаты неге көбейеді?

Абай облысында мереке күндері қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысын бақылау күшейтілген режимде ұйымдастырылды. Тәртіп сақшылары тек қала көшелерінде ғана емес, республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдарда да тәулік бойы қызмет атқарды.

Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алуға басымдық беріп, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын қатаң бақылауға алды. Әсіресе ұзақ жолға шыққан азаматтардың қауіпсіздігі назарда болды. Тексеру барысында көліктердің техникалық жағдайы, жүргізушілердің құжаттары және жолда жүру мәдениеті назарға алынды.

Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жүргізушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын да жүргізді. Тәртіп сақшылары жылдамдықты асырмау, шаршаған күйде көлік тізгініне отырмау, қауіпсіздік белдігін тағу және қарсы бағытқа шықпау секілді маңызды талаптарды еске салды.

Мереке күндері жолдағы көлік қозғалысы көбейетіндіктен, полиция қызметкерлері тек бақылаумен шектелмей, жол бойында қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету жұмыстарын да қатар атқарды.

Полиция департаменті тұрғындарды жолда барынша мұқият болуға шақырады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жолдағы қауіпсіздік – әрбір жүргізуші мен жолаушының ортақ жауапкершілігі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button