Заң

Тыйымға түкірген кім?

Абай облысында балыққа “тыныштық берілетін” ең маңызды кезеңде заң бұзған тұрғын ұсталды. Ертіс жағасында қармақ тастаған 40 жастағы азаматқа қатысты шара қолданылды – енді оған тек айыппұл емес, табиғатқа келтірілген зиян үшін де жауапкершілік қарастырылуы мүмкін.

Ағымдағы жылдың 16 сәуірі мен 30 мамыры аралығында өңірде “Нерест” жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Негізгі мақсат – табиғи су ресурстарын қорғау, балық қорын сақтау және экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Рейд барысында Бородулиха ауданының тұрғыны Ертіс өзенінің Ақши ауылы маңында заңсыз балық аулағаны анықталды. Ол уылдырық шашу кезеңінде қармақ пайдаланған.

Мамандардың айтуынша, дәл осы кезең – балықтардың көбеюі үшін ең маңызды уақыт. Сондықтан кез келген аулау әрекеті экожүйеге тікелей зиян келтіреді.

Осы уақытта:

– балық аулауға толық тыйым салынады;

– қармақ, тор және өзге құралдарды қолдану заңсыз;

– табиғи тепе-теңдікті бұзғандарға қатаң жаза қарастырылады.

Полиция өкілдері ескертеді: бір қарағанда “жай ғана балық аулау” болып көрінетін әрекет шын мәнінде табиғатқа үлкен соққы болуы мүмкін. Ал заңды бұзу – міндетті түрде жауапкершілікке әкеледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button