Заң
1,7 млн теңге айыппұл: жаңа жыл қалай өтті?

Жаңа жылдық шаралар өткен 32 нысанның барлығы тексерілді. 24 нысанда анықталған кемшіліктер сол жерде жойылып, 8 нысанда заңбұзушылық тіркелмеді.
Қауіпсіздік талаптарын түсіндіру мақсатында 52 нұсқама өткізіліп, 696 адам қамтылды. 18 оқу-жаттығу ұйымдастырылды.
Пиротехникалық бұйымдардың заңсыз саудасына қарсы 15 рейд жүргізіліп, 19 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұл көлемі 1,7 млн теңгеден асты.



