Заң
Өңірде тазалыққа қатысты 9 құқықбұзушылық тіркелді

Жыл басынан бері өңірде қоғамдық орындарды ластаған және абаттандыру талаптарын бұзған 9 құқықбұзушылық тіркелді. Полиция бұл шараларды жазалау үшін емес, тәртіпке шақыру және тазалық мәдениетін қалыптастыру үшін жүргізуде.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, «Таза Қазақстан» бір күндік акция емес. Бұл қоршаған ортаға ұқыпты қарау және ортақ кеңістікке жауапкершілікпен қарау мәдениеті.
Абай облысының полиция департаменті тұрғындарды тазалықты сақтауға және қоғамдық тәртіпке бейжай қарамауға шақырады.



