Заң
Көрінбейтін қылмыс

Кибералаяқтар ұрланған ақшаны басқа адамның картасы арқылы заңдастыруды жиілетті. Мұндай тәсіл дропперлік деп аталады. Ал өз картасын аздаған сыйақы үшін үшінші тұлғаға ұсыну да қылмыстық жауапкершілікке әкелетін әрекет.
2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қазақстанда дропперлікке қатысу ҚК-нің 232-1-бабы бойынша жазаланады.
Айыппұлдан бастап, мүлікті тәркілей отырып 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Абай облысында бұл бап бойынша әзірге құқықбұзушылық тіркелмеген. Дегенмен күмәнді қаржы операцияларына қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Аймақта интернет-алаяқтық көбейіп жатыр. Жыл басынан бері 1104 дерек тіркеліп, 165 іс сотқа жіберілген. Бұл өңірдегі киберқылмыстың күшейгенін көрсетеді.


