Заң

Абай облысында 854 есепте тұрған азамат тексерілді

Өңірде 28 қаңтар мен 3 ақпан аралығында «Қауіпсіз аула» республикалық профилактикалық іс-шарасы өтуде. Негізгі мақсат – аула мен қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті күшейту және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Абай облысының Полиция департаменті қызметкерлері есепте тұрған азаматтарды тексеруде. Түнгі уақытта тұрғылықты мекенжайлары қаралып, заң талаптары түсіндірілуде.

Қоғамдық орындардағы тәртіп пен әкімшілік қадағалау талаптарының сақталуына назар аударылып, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 854 адам тексерілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button