Заң
Балаларға жолда жүру ережесі түсіндірілді

Семейдегі №51 мектепте бастауыш сынып оқушыларына арналған қауіпсіздік сабағы ұйымдастырылды. Шараға 400-ге жуық бала қатысты.

Оқушыларға жолда өзін дұрыс ұстау ережелері түсіндіріліп, арнайы мультфильм көрсетілді.
Кездесуде Абай облысы Полиция департаменті өкілдері сөз сөйлеп, жол қауіпсіздігі туралы қарапайым тілде айтып берді. Полиция майоры Данияр Нүрпейісов балаларды жол ережесін сақтауға шақырды.

Шара барысында оқушылар белсенділік танытып, сұрақтарға жауап берді.
Мамандар мұндай кездесулер балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға көмектесетінін атап өтті.



