Заң
Бір жазба сотқа дейін апарды

Семейдегі Balapark ойын-сауық орталығында болған өрттен кейін желіде «18 адам қаза тапты» деген жалған ақпарат тараған.
Шын мәнінде, өрт кезінде ешкім зардап шекпеді.
Абай облысы прокуратурасының мәліметінше, жалған ақпарат таратқан тұрғын анықталып, жауапқа тартылды.
Сот шешімімен оған 86 500 теңге айыппұл салынды. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.



