Заң

Семейде оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Семей қаласындағы №50 IT мектеп-лицейінде Абай облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкері, полиция капитаны Әділбек Рамазанов орта буын оқушыларына арналған қауіпсіздік сабағын өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға бопсалау, буллинг және бөтен мүлікті ұрлау сияқты құқықбұзушылық түрлері мен олардың салдары түсіндірілді. Сонымен қатар қатарластар арасындағы қысымды тану, жанжал кезінде дұрыс әрекет ету және арандатушылыққа берілмеу жолдары айтылды.

Полиция қызметкері қауіп туындаған жағдайда мұғалімдер мен ата-аналарға дер кезінде хабарласып, қажет болған жағдайда «102» арнасына жүгіну маңызды екенін еске салды.

Шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, күнделікті өмірде кездесетін жағдайларда қалай әрекет ету керектігі жөнінде кеңес алды.

Мұндай профилактикалық сабақтар жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту мақсатында тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button