Заң

Енді жол кесудің қажеті жоқ 

Семейде жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне тағы бір қадам жасалды. 

Бауыржан Момышұлы көшесінде жаңа пешеход өткелі орнатылды.

Бұған дейін тұрғындар жолды кез келген жерден кесіп өтетін немесе светофорға дейін айналып баратын. Қазір өткелдің арқасында қозғалыс ретке келіп, адамдар үшін жолдан өту әлдеқайда қауіпсіз әрі ыңғайлы болды.

Қала тұрғындары бұл өзгерісті қуана қабылдауда. Ал жүргізушілерге ескерту – енді бұл маңнан өткенде жылдамдықты азайтып, абай болыңыздар.

Қауіпсіздік – бәрімізге ортақ жауапкершілік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button