Басты жаңалықЗаң
Үй сыртында кісі бар: камералар нені бақылайды?!

Абай облысында құқық бұзушылықтар камера арқылы тіркелуде. Жыл басынан бері 509 ұсақ бұзақылық және 88 абаттандыру ережесін бұзу дерегі тіркелді.
Оперативтік басқару орталығының заманауи камералары құқық бұзушылықтарды бірден тіркеп, полицияның жедел әрекет етуіне мүмкіндік береді.
Полиция барлық тұрғындарды заңды сақтауға, қоғамдық тәртіпке құрметпен қарауға және әрбір құқық бұзушылықты қазіргі заманғы қауіпсіздік жүйелері бақылайтынын есте сақтауға шақырады.



