Басты жаңалық

Семейде 50 отбасы жаңа пәтерге ие болды

Семей қаласында 50 отбасыға жаңа баспананың кілттері табысталды. Пәтер Құнанбай көшесі бойында орналасқан ABAI ELI тұрғын үй кешенінен берілді.


Салтанатты рәсімге Абай облысының әкімі Берік Уәли мен «Отбасы банк» АҚ төрағасы Ләззат Ибрагимова қатысты. Олар жаңа қоныс иелерін құттықтап, пәтер кілттерін табыстады.


Өңір басшысы тұрғын үй кешенін аралап, қоныс тойын тойлап жатқан отбасылардың үйлеріне кіріп шықты. Сонымен қатар бірқатар тұрғынға жаңа теледидар алуға арналған сертификат табыс етті.


Жаңа баспана «Отбасы банк» арқылы беріліп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button