Басты жаңалық
Петропавловка ауылында спорттық-сауықтыру орталығы салынды

Бородулиха ауданының Петропавловка ауылында жаңа спорттық-сауықтыру орталығы салынды. Нысан ауыл тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бой көтерді.
Жобаның тапсырыс берушісі – Абай облысының құрылыс басқармасы. Құрылыс жұмыстарын DK Proekt ЖШС жүргізді. Нысанның жалпы аумағы 864 шаршы метрді, ал сыйымдылығы 100 орынды құрайды. Жобаның жалпы құны 400 млн теңге.
Жаңа орталық өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын нығайтып, ауыл тұрғындары үшін спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай жасайды.



