Басты жаңалық
Қарға батқан көлік: полиция көмекке келді

Абай облысында патрульдік полиция қызметкерлері Аршалы–Қалбатау автожолында қар құрсауында қалған жеңіл автокөлік жүргізушісіне көмектесті.
Тәртіп сақшылары көлікті қауіпсіз жерге шығарып, қозғалысты қалпына келтірген. Жүргізуші көрсетілген жедел көмек үшін алғысын білдірді.
Полиция азаматтарды қолайсыз ауа райында жолға шықпауға және қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.


