Заң

Үржарда «диплом бизнесі» әшкереленді

Абай облысында жалған диплом уәде еткен алаяқ анықталды. Үржар ауданының 24 жастағы тұрғыны полицияға жүгініп, былтыр ақпанда алданып қалғанын айтқан.

44 жастағы әйел «медициналық диплом жасап беремін» деп сеніміне кіріп, 600 мың теңге алған. Бірақ ешқандай құжат бермеген.

Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Полиция тұрғындарды сақ болуға шақырады: құжатты «тез жасап беремін» деген күмәнді ұсыныстарға сенбеген жөн.

Басқа жаңалықтар

Back to top button