Заң

«Қақпан»: Полиция департаменті жастарға ескерту жасайды

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жоғары жалақы уәде ететін жұмыс туралы хабарландырулар көбейді. Осыған байланысты Полиция департаменті азаматтарды, әсіресе жастарды, «курьерлік жұмыс» ретінде ұсынылатын күмәнді вакансиялардың ауыр құқықтық салдары туралы ескертеді.

Жылдам табыс пен тәжірибенің қажет еместігін алға тартқан қылмыскерлер жастарды заңсыз әрекеттерге тартады. Ал шын мәнінде мұндай «жұмыстар» көбіне есірткі және өзге де тыйым салынған заттарды заңсыз тасымалдаумен байланысты.

Есірткі — ойын немесе тәжірибе емес, өмірге төнген нақты қауіп. Мұндай әрекеттерге қатысу қылмыстық жауапкершілікке, бас бостандығынан айыруға және тағдырдың бұзылуына әкеледі.

Полиция департаментінің «Қақпан» атты әлеуметтік ролигі күмәнді ұсыныстардың шын мәнінде немен аяқталатынын көрсетіп, жеңіл табыс артында ауыр жаза тұрғанын еске салады.

Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға, анонимді жұмыс ұсыныстарына сенбеуге және заңсыз әрекеттердің заң алдында қатаң жауапкершілікке әкелетінін ұмытпауға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button