Басты жаңалықЗаң
Қала қауіпсіздігі: жаңа бақылау деңгейі

Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы бейнебақылау жүйесі орналасқан ситуациялық орталыққа барып, оның жұмыс барысымен танысты.

Орталық қала қауіпсіздігін қамтамасыз етуде «Сергек» жүйесіне қосылған бейнекамераларды қолданады. Шаһардағы барлық жерасты өткелдері де осы жүйеге қосылған. Бұл қоғамдық орындарда қауіпсіздікті тұрақты бақылауға мүмкіндік береді.

Бүгінде ситуациялық орталықта 50-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Олар бейнебақылау жүйесін қадағалап қана қоймай, қала тіршілігін үйлестірумен айналысады. Сонымен қатар орталық құрамында тәулік бойы жұмыс істейтін «109» бірыңғай байланыс орталығы бар. Тұрғындар кез келген уақытта өз мәселелері бойынша хабарласа алады.


