Нәзікжандыларға құрмет: Семейде мерекелік шара ұйымдастырылды

Семейде Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиын ұйымдастырылды. Мерекелік шараға түрлі салада еңбек етіп жүрген әйелдер қауымы, қоғам қайраткерлері мен өңір тұрғындары қатысты.

Жиында Абай облысының әкімі Берік Уәлиұлы сөз сөйлеп, өңірдің дамуына үлес қосып жүрген нәзікжандыларды мерекемен құттықтады. Ол әйелдердің қоғамдағы рөлі ерекше екенін атап өтіп, білім, медицина, мәдениет, кәсіпкерлік және өзге де салаларда табысты еңбек етіп жүрген бірқатар әйелдерді марапаттады.
Облыс әкімі өз сөзінде әйелдердің отбасының берекесі ғана емес, ел дамуына да айтарлықтай үлес қосып келе жатқанын айтып, олардың еңбегіне алғыс білдірді.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Сахнада эстрада жұлдыздары Жұбаныш Жексенұлы мен Еркеш Хасен өнер көрсетіп, көпшілікке әуезді әндерін тарту етті. Сонымен қатар өңірлік өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар арнайы дайындаған мерекелік бағдарлама ұсынылды.



