Басты жаңалық

Әкімге ағылған сұрақ: жұрт не талап етті?

Облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындар көтерген өзекті мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылдауды тапсырды. Қабылдауда жер қатынастары мен рухани-мәдени бағыттағы ұсыныстар негізгі назарда болды.

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға тиісті облыстық басқарма басшылары, Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев және «Отбасы банкінің» өкілдері қатысты.

Қабылдау барысында тұрғындар жер телімдерін рәсімдеу, сондай-ақ тарихи-әдеби мұраны насихаттау мәселелерін көтерді. Мерей Қарт өңірдегі кітап оқу мәдениетін дамыту және руханиятты қолдау бағытында ұсыныстарын білдірді.

Аймақ басшысы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, олардың шешу жолдарын қолданыстағы заңнама аясында түсіндірді. Жауапты басқарма басшылары мен қала әкіміне нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар көтерілген мәселелердің барлығы жеке бақылауға алынатыны атап өтілді. Өтініштер бойынша тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button