Енді бәрі емтихан мен ҰБТ-ға байланысты

Абай облысында биылғы оқу жылын 100 649 оқушы аяқтайды. Өңірдегі 314 мектепте жыл басында 100 590 бала білім алған.
Биыл 15 304 оқушы 9 және 11-сыныпты бітіреді. Оның ішінде 9-сыныпты 9239 оқушы аяқтайды. 980 оқушы үздік аттестатқа үміткер. Түлектердің 63,5 пайызы 10-сыныпта оқуын жалғастырса, қалғаны колледжге түседі.
Ал 11-сыныпты 6065 оқушы бітіреді. Биыл «Алтын белгіге» 438 түлек үміткер. Тағы 440 оқушы үздік аттестат алуға ниетті.
Облыстағы білім сапасының орташа көрсеткіші 66,4 пайыз болды. Ауыл мектептерінің көрсеткіші қала мектептерінен жоғары.
Барлық мектепте оқу 25 мамырда аяқталады. Одан кейін оқушылар емтихан тапсырады.
9-сынып түлектерінің емтихандары 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтсе, 11-сынып оқушылары мемлекеттік емтиханды 2-15 маусым аралығында тапсырады.
11-сынып түлектеріне аттестат тапсыру салтанаты 16-18 маусым күндері өз мектептерінде өтеді.
Биыл ҰБТ 10 мамыр мен 10 шілде аралығында электронды форматта ұйымдастырылады. Облыстағы 6065 түлектің 5651-і тест тапсыруға өтініш берген. Олардың басым бөлігі тесті қазақ тілінде тапсырады.



