Білім

Семей жастары «Кешкі квизде» бас қосады

Семейде қазақ тіліндегі интеллектуалды «Кешкі квиз» ойыны тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Жоба әр аптаның сейсенбі күні өтеді және қысқа уақыт ішінде жастардың сүйікті алаңына айналды.


Ойындар көбіне тақырыптық форматта өтеді. Медиа квиз, Футбол квиз сияқты бағыттар қатысушылардың қызығушылығын арттырып, білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді. Әр кездесуге 7–8 құрама қатысып, өзара тартысты бәсеке қалыптастырады.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба жастардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, қазақ тіліндегі зияткерлік орта қалыптастыруға бағытталған.

Әр ойын соңында жеңімпаздар анықталады. Үздік шыққан командалар I, II, III орын алып, жүлдеге ие болады. Ерекше белсенділік танытқан қатысушылар да назардан тыс қалмай, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.

Уақытыңызды мазмұнды өткізгіңіз келсе, әр сейсенбі сағат 19:00-де Кулжановтар көшесі, 13 мекенжайына келіп, ойынға қатыса аласыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button