Спорт
Семейде ел үздіктері анықталды: бокстан Қазақстан чемпионаты қорытындыланды
Семейдегі «Арена» спорт кешенінде 14–21 қазан аралығында бокстан ел чемпионаты өтті. Додаға Қазақстанның барлық өңірінен 400-ге жуық спортшы қатысты. Биыл жарыс алғаш рет World Boxing ұйымы бекіткен жаңа салмақ дәрежелері бойынша ұйымдастырылды.
Чемпионатта әлем және Азия біріншіліктерінің, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері шаршы алаңға шықты. Финалдық жекпе-жектерге облыс әкімі Берік Уәли қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.
80 келі салмақта алтын иеленген Ерасыл Жақпеков – Абай облысының тумасы. Ол бұған дейін Азия және халықаралық турнирлерде ел мерейін асырған.
Биыл Абай облысының спортшылары айтарлықтай табысқа жетті: 451 спортшы ұлттық құраманың сапына енсе, жыл басынан бері түрлі деңгейдегі жарыстарда 1400-ге жуық медаль жеңіп алған.




