«Бақты – 2025» халықаралық форумы өтіп жатыр

Қытай Халық Республикасының Тарбағатай аймағында ірі экономикалық және мәдени алаң — «Бақты – 2025» халықаралық форумы басталды. Шараның негізгі мақсаты – екі ел арасындағы сауда-экономикалық, көлік және мәдени байланыстарды дамыту.
Форумға Абай облысынан облыс әкімінің аппарат басшысы Эльдар Бақпаев жетекшілік ететін делегация қатысуда. Делегация құрамында басқарма басшылары, аудан әкімдері мен кәсіпкерлер бар.
Абай облысының өкілдері форум аясында ауыл шаруашылығы, туризм және логистика салаларындағы бірлескен жобаларды талқылап, «Бақты – Тачен» шекара маңы ынтымақтастық орталығын дамыту мәселесін көтереді.
Форум қорытындысында қазақстандық және қытайлық кәсіпкерлер арасында өзара серіктестік жөніндегі бірнеше меморандумға қол қойылады деп жоспарланып отыр.



