Денсаулық

Шетелдік тәжірибе

Абай облысында медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және ауылдық жерлердегі кадрлық әлеуетті нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Қазір аудандық ауруханаларда 569 дәрігер және 1970 орта буын медицина қызметкері еңбек етуде. Десе де, аймақта жалпы практика дәрігерлері, терапевтер, анестезиолог-реаниматологтар, акушер-гинекологтар және педиатрлар тапшылығы сезіледі.

Облыста кадр жетіспеушілігін азайту мақсатында мамандарды оқыту мен қайта даярлау шаралары күшейтілуде. Былтыр 15 азамат шетелдік жетекші клиникаларда, соның ішінде Ресей мен Германияда біліктілігін арттырды. Олар халықаралық стандарттарды өңірлік медицина тәжірибесіне енгізіп жатыр. Сонымен қатар 2024–2026 оқу жылдарына арналған резидентура гранттары аясында 101 резидент дайындалуда, биыл олардың 9-ы өңірдің медицина мекемелеріне жұмысқа кірісті, – деп хабарлайды Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button