Сау тіс – сенімді күлкінің кепілі

Алғаш танысқанда адамның көзі ең әуелі жымиысқа түседі. Әдемі күлкі өзіне сенімділікті арттырып, жақсы әсер қалдырады. Тіс – тек сыртқы сұлулық емес, ағзаның жалпы саулығының көрсеткіші. Тіске күтім жасамау тек ауыз қуысында емес, ішкі мүшелерде де түрлі ауру туғызуы мүмкін.
SENIM клиникасының стоматологы Әли Тоқтағанұлы тіс саулығын сақтау үшін мына кеңестерді ұсынады:
1. Тіс дәрігеріне жылына екі рет барыңыз.
2. Жүктілік кезінде емделуге болады (4–6 ай аралығы қауіпсіз).
3. Ақыл тіс ауыртпай өссе, жұлу міндетті емес.
4. Түнде тіс сықырласа, каппа қолданыңыз.
5. Тісті өз бетіңізше емдемеңіз.
6. Тіс пастасын жеке таңдаңыз.
7. Бруксизмді (тіс сықырлауды) елемеңіз.
8. Баланың алғашқы тісінен күтім бастаңыз.
9. Пломбаны уақытылы ауыстырыңыз.
10. Тісті үй жағдайында ағартпаңыз.
Сода мен лимон сияқты әдістер эмальге зиян. Қауіпсіз ағарту – тек кәсіби тазалау.
«Күнделікті күтім мен уақтылы қаралу – сау тістің және сенімді күлкінің кепілі», – дейді Әли Тоқтағанұлы.
SENIM клиникасы – заманауи құралдармен жабдықталған, тәжірибелі мамандары бар орталық. Мұнда ересектер мен балаларға сапалы стоматологиялық қызмет көрсетіледі.
Сау тіс – сымбатты күлкінің және мықты денсаулықтың негізі!



