Денсаулық
Жасырын тақырыптағы жаңа дерек

Абай облысында АИТВ инфекциясының таралуы тұрақты деңгейде. Қазақстан бойынша 100 мың тұрғынға шаққанда 186,3 жағдай тіркелсе, Абай облысында бұл көрсеткіш 84,3 құрайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының директоры айтты.
Жыл басынан бері облыста 44 адамнан АИТВ анықталды. Балалар арасында жаңа жағдай тіркелмегенімен, қазір 5 бала осы диагноз бойынша ем қабылдап жатыр. Мамандардың айтуынша, инфекция көбіне жыныстық жолмен берілетіндіктен, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау маңызды.
2025 жылы өңірде АИТВ инфекциясының алдын алу шараларын күшейту үшін 11,448 млн теңге бөлінді.



