Заң

Жаяу жүргінші, абайла!

Абай облысында 3–7 қараша аралығында «Жаяу жүргінші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараның мақсаты – жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық санасын арттыру.

Полиция қызметкерлері қауіпті жол учаскелерінде, мектеп маңында және көпшілік жүретін көшелерде бақылауды күшейтеді, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің ережелерін сақтауын қадағалайды.

Сақ болыңыздар! Жолдағы қауіпсіздік әрқайсымызға байланысты, заң бәрімізге ортақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button