Гид
Жай ғана тыныстап көріңіз…

Холодный Ключ кентіндегі аспалы жаяу жүргіншілер көпірі – шаһар тарихының бір бөлігіне айналған ерекше нысан.
Бүгінде көпір тұрғындардың серуендеп, тынығатын сүйікті орнына айналған. Мұнда жиі суретке түсіп, өзен мен аспанның үйлескен көрінісін тамашалауға болады. Көпір маңайының табиғаты мен тыныштығы – қала қарбаласынан аз уақытқа болсын қашып, ой жинауға таптырмас мүмкіндік.
Нысан Семейдің көрікті орындарының бірі саналады. Күздің соңғы күндері аяқталмай тұрып, ерекше әрі сәтті кадрлар түсіргіңіз келсе – дәл осы жерге барып, табиғаттың әсем көрінісін суретке айналдырыңыз.




