Гид

Сол жағалаудағы ең жайлы серуен орны

Семейде бәрі білетін, жаның тынышталып серуендеуге қолайлы бір әдемі орын бар екені бәріне белгілі. Ол – сол жақ жағалаудағы Мұхтар Әуезов ескерткіші орналасқан саябақ. Қарапайым болса да, адамды өзіне тартып тұратын мекен.

Саябақ кешкі уақытта ерекше жанданады: шамдары жарық, айналасы таза, жастар да, отбасылы жандар да көп серуендейді. Суретке түсуге қолайлы бұрыштары да жеткілікті, ал жалпы атмосферасы жеңіл әрі жағымды.

Орналасқан жерінің ыңғайлылығы да үлкен артықшылық. Дәл жанында кинотеатр, кофейня және фаст-фуд нүктелері бар. Бір серуеннің өзінде кофе алып, фильм көріп, жеңіл тамақтануға мүмкіндік мол. Балаларға арналған ойын алаңы бар болғандықтан, отбасылық демалысқа да тиімді.

Қысқасы, бұл саябақ – сол жағалаудағы ең қолайлы, ең жағымды серуен орындарының бірі. Бос уақыттарыңызда келіп демалып, көңіл сергітіп қайтуға әбден лайық кеңістік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button