Басты жаңалық

Шахматта топ жарғандар өңір намысын қорғайды

«Jas Sarbaz Chess Cup» шахмат турнирі Абай облысының аудандарынан келген жас ойыншыларды жинады. Турнир швейцариялық жүйе бойынша жеті кезеңде өтті.

Қатысушылар тартысты ойын көрсетіп, қазылар алқасы мен көрермендерді әсерлі ойындарымен тәнті етті.

Жарыс қорытындысы бойынша республикалық додада аймақ намысын қорғайтын үздік ойыншылар анықталды.

Командалық есепте Мақаншы ауданы 1-орынға ие болды. Ал қыздар арасында Шырын Нұржанқызы үздік деп танылса, ұлдар арасында Никита Глухов жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар диплом және кубокпен марапатталды.

«Jas Sarbaz Chess Cup» – жас буын арасында шахматты дамытуға және оқушылардың ой-өрісін шыңдауға бағытталған маңызды бастама.

Басқа жаңалықтар

Back to top button