Абай өнімі

Өңірдің өз жиһазы — Семейдің Solo интерьері

Абай облысында 1998 жылы құрылған «Solo – интерьер» жиһаз фабрикасы бүгінде өңірдегі тұрақты жұмыс істейтін өндіріс орны. Кәсіпорын алғашында балабақша ғимаратының бір бөлігін сатып алып, 7 қызметкермен жұмысын бастаған.

Жылдар өте фабрика өндіріс ауқымын кеңейтіп, жаңа ғимараттар мен сату нүктелерін іске қосты. 2001 жылы алғашқы «Интерьер» салоны, 2003 жылы «Классик» салоны ашылды. 2007 жылы фабрикаға жаңа технологиялық жабдықтар орнатып, өнім сапасын жақсартты. Қызметкерлер саны да артып, өндіріс тұрақты жүйеге түсті.

2013 жылы жалпы ауданы 2200 м² «Grand Интерьер» сауда үйі пайдалануға беріліп, кәсіпорынның нарықтағы орны күшейді. 2017 жылы фабрика Красный Пильщик көшесіндегі жаңа өндірістік базаны сатып алып, оны қайта жаңғыртты. Ал 2019 жылы ағаш өңдеуге арналған 15 сандық басқару жабдығы алынып, өндіріс күші артты.

Сосын 2020 жылы фабрика толықтай жаңа базаға көшіп, алғашқы көтерме жеткізілімін жасады. Ал қазір қызметкер саны 120 адамға жетті. 2022 жылы корпус жиһазын шығару үшін тағы да жаңа құрылғылармен толықты.

«Solo – интерьер» кәсіпорнының құрылтайшысы — ағаш өңдеу саласының маманы Сейтхан Төxметов. 1998 жылдан бері фабриканың дамуына жетекшілік етіп келеді.

Фабрика бүгінде өңірге сапалы жиһаз ұсынатын, өндірістік әлеуеті қалыптасқан, тұрақты дамушы отандық бренд ретінде танылып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button