Басты жаңалық
Абай өңірінде жаңа идеялар алаңы ашылды

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының шығармашылық ұжымдары қауымдастығының отырысы өтті. Жиында ҚХА-ның креативті шешімдер платформасы таныстырылды.
Жаңа платформа шығармашылық бастамаларды қолдау, жастармен жұмысты жандандыру және этносаралық келісімді заманауи әдістер арқылы нығайту бағытындағы жұмысты жаңа деңгейге шығаруды көздейді.



