Басты жаңалық

Аймақта қыс басталғалы 49 рет дауылды ескерту жарияланды

Қыс басталғалы Абай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 49 рет дауылды ескерту жарияланды.

Тұрғындарды алдын ала ескерту үшін 231 СМС-хабарлама жіберіліп, «Дармен» қосымшасы арқылы да хабарламалар таратылды. Қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетіліп, 4 адам құтқарылды, 2 адам қауіпсіз жерге жеткізілді. Қарға батып қалған 3 көлік шығарылды.

Жол жабылған кезде 13 автокөлік арнайы жылыту пункттеріне дейін жеткізілді. Жалпы 8 жылыту пунктіне 134 адам, оның ішінде 17 бала орналастырылды.

Қазіргі таңда облыста қысқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button