Басты жаңалық
Семей вокзалы жаңарып жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы теміржол вокзалының қайта жаңғырту барысын көрді. Жұмыстар биыл тамыз айында басталған. Бас мердігер – «DK Proekt» ЖШС.
Жоба аясында вокзал ғимараты заманауи еуропанельдермен қапталып, аумағы кеңейтіледі. Сонымен қатар эскалатор, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған лифт, шағын буфеттері бар қосымша ғимарат салынып, ұзындығы 260 метрлік жаяу жүргіншілер көпірі жаңартылады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл Абай облысында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қаражаты есебінен Семей, Аягөз қалаларындағы және Ақтоғай, Жалаңашкөл, Шар, Дегелең, Үшбиік, Жарма, Белағаш Ауыл станцияларындағы теміржол вокзалдарын жаңғыртылады.



