Басты жаңалық
Семейде эстрадалық-симфониялық оркестрдің гала-концерті өтті

Семей қаласында «Жанды тербеткен әуен» атты Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің қорытынды гала-концерті өтті. Шара Абай облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.
Концерт барысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына және Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған шығармалар орындалды. Сонымен қатар Қазақстанның Халық әртісі, композитор Төлеген Мұхамеджановтың туындылары, әлемдік деңгейде танымал музыкалар мен танымал фильмдердің саундтректері көрерменге ұсынылды.
Гала-концерт Абай атындағы театрда өтіп, өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Көрермендер концерттен жоғары әсер алып, орындаушыларға зор қошемет көрсетті.



